Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданда салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап көрді.
Аудан басшысы алдымен Ақай ауылындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысын бақылады. Мердігер мекеме басшысына құрылысқа қатысты бірқатар ескертпелер жасады.
Мұнан соң, аудан әкімі Дүр Оңғар ауылында «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарына қадағалау жүргізді. Тиісті сала басшылары мен жауапты мердігерге құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<