«Құрылыс нысаны қысқа мерзімде сапалы аяқталу қажет»

388

0

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиевпен бірге Жалағаш кентінен бой көтерген дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бұл ретте, дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысына жауапты мердігер бүгінгі күнге дейінгі ішкі жұмыстарды баяндады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Ауқымды жобаның атқарылған міндеттеріне қанық болған аудан әкімі Ардақ Ибраимов, мердігер мекемеге қысқа мерзімде құрылыс нысанын сапалы аяқтау қажеттігін тапсырды.

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев межеленген уақытта жобаның сәтті шығуына басқарма тарапынанда бақылау болатынын айтты.

Салауатты өмір салтын ұстануда халық үшін маңызға ие құрылыс нысаны бойынша тапсырмалардың орындалуы күнделікті күн тәртібінен түспейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<