Құрылысшыларға құрмет көрсетті

287

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыста құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті.

– Бүгінде аймағымызда барлық салада қарқынды даму динамикасы қалыптасқан. Оның ішінде, құрылыс саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аймақта биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 35,6 пайызға артты. Облыс орталығында «Өнер орталығы», жаңа автовокзал ғимарты және облыстық қан орталығы пайдалануға берілді. Құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары атқарылуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аймағымызда 21 мектептің, дарынды балаларға арналған физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық Оқушылар сарайы және «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен облыс орталығында музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Қызылорда қаласының сол жағалауында 10 мың адамға арналған жаңа стадионының, үстел теннисі орталығы мен «Көпсалалы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы» жүргізілуде. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 27 нысан салынуда. Оның бірі Нағи Ілиясов ауылында бой көтерді. Құрылысшылардың еңбегі ел экономикасының дамуы үшін зор маңызға ие. Тұрғын үйлер, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы нысандарын салуда сала мамандары мен ардагерлердің еңбектері өлшеусіз. Сондықтан шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан басшысы сала ардагерлері мен қызметкерлерін облыс және аудан әкімінің, облыстық құрылыс басқармасының Алғыс хатымен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде сала ардагерлері Кожамұрат Сматұлы, Жамаладдин Есболғанов, Назтай Тлемесова, Құдайберген Шманов сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.Ауданда 2024 жылдың І жартыжылдығында құрылыс жұмыстары 8,5 млрд. теңгені құрап, 65,7 пайызға ұлғайды. Өткен жылы аудан орталығында халықтың әлеуметтік осал топтарына 80 пәтер берілсе, биыл 100 пәтерлі 50 үйді сатып алуға облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ауданда аймақ басшысының қолдауымен салтанат сарайы, музей, архив, тәулік бойына жұмыс істейтін кітапханасы бар және жастар, ардагерлер мен аналар бас қосатын «Руханият» орталығының құрылысы жүргізілуде. Биыл аудан орталығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1 мектептің құрылысы басталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<