Құрылыста қарқын жоғары

460

0

Қызылорда облысы құрылыс секторындағы жоғары өсу қарқыны бар аймақтар қатарында. Бұл туралы сейсенбіде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров хабарлады.

– Орындалған құрылыс жұмыстары бойынша Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсім тіркелді. Әсіресе, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары өсімі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды, – деді ведомство басшысы.

Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен  өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы, «Жастар саясатын дамыту» тұжырымдамасы мен «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар» жобалары қаралды.

Республикалық штаб отырысынан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов ҚР Премьер-министрі берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді. Серік Салауатұлы Үкімет басшысының тапсырмаларын мұқият орындап, барлық әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарында межелі көрсеткіштерге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<