Қызылорда облысында тартылған құс еті тиелген жүк көлігі аударылып қалды.
Шымкент-Самара» тас жолының Арал ауданына қарасты бөлігінде жол көлік оқиғасы орын алды. Оқиға барысында тартылған құс еті тиелген DAF маркалы жүк көлігі аударылды. Жолдан шығып кеткен жүргізушіден басқа ешкім болмаған.
«Оқиға барысында жарақат алғандар жоқ. Арал аудандық полиция бөлімі тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабымен хаттама толтырылды. Ескерту түрінде шара қолданылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция депртаментінен.
Ведомство мәліметінше, автокөлік және онда тиелген жүкті тасымалдауға Ақтөбеден жүк көлігі шақыртылып, жүкті оқиға орнынан алып кетті.





