Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

205

0

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Сол құжат негізінде «19 қазан – Құтқарушылар күні» болып бекітілді. 2020 жылы Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен елімізде Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды.

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Қызылорда қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ғимаратының ауласында  Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Алдымен гарнизон сапқа тұрғызылып, гарнизон туы  әкелінді. Одан соң әнұран орындалды. Қаза болған әріптестерді еске алу үшін 1 минут үнсіздік жарияланды.

Алғашқы мерекелік құттықтау сөз Қызылорда облысы ТЖД бастығы полковник Руслан  Қайрақбаевқажәне ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мұсаевқа берілді. Одан соң іс-шара марапаттау кезеңіне жалғасты.

Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз етуде көрсеткен ерекше қызметі үшін бірқатар мамандарҚР Төтенше жағдайлар министрлігініңжәне облыс әкімдігінің атынан марапатталды.

Мұнан соң бірқатар азаматтар Департамент бастығының алғыс хаттарын иеленді.

«Құтқарушы – балалар көзімен» тақырыбында қызметкерлердің балалары арасында өткен сурет салудан байқаудың жеңімпаздары марапатталды.Қызылорда облысының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің балалары арасында «Егер мен құтқарушы болсам» тақырыбында өткен үздік эссе байқауының жеңімпазы марапатталды.

Жуырда қызмет бабында қаза болған әріптестеріміз – Төреманов Қазбек Сұлтанбекұлын, Төлеубаев Арман Қуанышбайұлын және Әшірбеков Арғын Қазбекұлын еске алу мақсатында өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс ұйымдастырылған болатын. Осыған сәйкес аталмыш жарыста жүлделі орын иеленгендер де марапатталды.Іс-шара барысында өңір журналистеріне арнап, өрт сөндіру және құтқару құрал-жабдықтары мен автотехникалары таныстырылды, көшпелі брифинг өткізілді.

Мерекелік іс-шара қызметкерлердің концерттік бағдарламасына жалғасты.

Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлеріөткізілген осы іс-шараның жалпы мақсаты мен маңыздылығы туралы жергіліктітелеарна тілшілеріне сұхбат берді.Қызылорда облысындағы азаматтық қорғау органдарында 800-ден астам маман қызмет атқаруда. 2023 жылдың 9 айында біздің өңірдің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 2272 рет авариялық-құтқару және кезек күттірмес жұмыстарға шықты. Нәтижесінде: 264 адам құтқарылып, 298 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Бүгінгі кәсіби мереке қарсаңында сала мамандарына алдағы уақытта да абыроймен қызмет ете беріңіздер деген тілек білдіреміз.

Мереке құтты болсын, әріптестер!

Қызылорда облысы ТЖД

 Қоғаммен байланыс тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<