Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қайрақбаев сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Құрметті азаматтық қорғау саласының ардагерлері, қызметкерлері!
Сіздерді 19-қазандағы кәсіби мерекелеріңіз – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 28 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, жедел әрекет ету қағидасы қалыптасты.
Құтқарушылардың ең басты міндеті адам өмірін құтқару. Адам басына қауіп-қатер төнген кезде алдымен Азаматтық қорғау органдарының мамандарына – Сіздердің көмектеріңізге үміт артады. Тәуліктің қай мезгілінде болмасын өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге дайын тұрады.
2023 жылдың 9 айында біздің өңірдің өрт сөндірушілер мен құтқарушылары 2272 рет авариялық-құтқару және кезек күттірмес жұмыстарға шықты. Нәтижесінде: 264 адамды құтқарылып, 298 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, 18 адам эвакуацияланды. Жыл басынан бері Қызылорда облысының аумағында 354 өрт тіркелген, өрттің салдарынан 6 адам қаза болып, 6 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Осындай оқыс оқиғаларға жол бермеу үшін әрбір адам қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Осы ретте қауіпсіздік қағидаларын сақтауды насихаттау жұмыстарын да азаматтық қорғау саласының мамандары атқаруда.
Сіздердің өз борыштарыңызға деген кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіре отырып, алдағы уақытта да біздің халқымыз бен мемлекетіміздің игілігі үшін Азаматтық қорғау жүйесінің тиімді дамуына ықпал ететіндеріңізге сенемін.
Бүгінде төтенше жағдайлар қызметкерлерінің беделі жоғары. Бұл жауапты да қиын мамандықты игеру кез-келген адамның қолынан келе бермейтін іс.
Себебі сала мамандарының өз істерін абыроймен атқаруы құтқарылған адам өмірімен өлшенеді. Қандай күрделі, қауырт, қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін сала отырып құтқару жұмыстарын жүргізеді деп сенеміз.
Құрметті құтқарушылар!
Баршаңызға күрделі де қауырт қызметтегі адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеп, гүлденуі жолында жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болcын.
Мереке құтты болсын!
Руслан Қайрақбаев,
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің бастығы, полковник.





