Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Шахбаз Шарифке ізгі тілегін жеткізді.
Жеделхатта Пәкістан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайту ісінде зор жетістікке жеткені атап өтілген.
Президент Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынастың достық сипатта екеніне назар аударып, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты байланысты одан әрі дамыта түсуге дайын екенін білдірді.
Қаржы ай соңына дейін аударылады
Биыл тамыз айының соңына дейін 460 мыңға жуық оқушыны мектеп формасымен, кеңсе заттарымен қамтамасыз ету бағытында отбасыларға көмек беріледі.
«Жыл сайын Үкімет Қаулысына сәйкес, жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылардағы оқушылар мектеп формасы және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. 2022 жылдан бастап бұл материалдық көмек ата-аналардың карта-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл тәсіл әр балаға көмек көрсету қаражатының көлемін реттеді (ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес, 2023 жылы – 40 567 теңге)», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің сайтында.
Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған ақпаратына сәйкес, биыл жалпыға бірдей білім беру қоры 65 млрд теңгеден астам соманы құрады. Оның ішінде киіммен, аяқкиіммен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етуге 18 млрд теңге бөлінген.
Жазда қар жауды
Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік нүктесі Мұзтау шыңына қар түскен. Бұл туралы сол жердегі «Altay-pro» альпинистік лагерьінен мәлім етті.
– Шығыс Қазақстандағы Мұзтау шыңына алғашқы қар жауды. Кейінгі 10 жылда қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті, – дейді «Көккөл» сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов.
Оның айтуынша, бұл күні түнде су қатқан жоқ, ал төмендегі Берел қорғандары аймағында күн ашық және жылы болды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<