Қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды

510

0

Түркістандық ұстаз қымыздан балмұздақ, ал саумалдан сабын жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жадыра Байдалы №11-ші Түркістан колледжінде қызмет атқарады. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәннен студенттерге сабақ береді. Жас ұстаз бос уақытанда кәсіппен айналысқанды құп көреді.

Қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды

Жадыраның жасап жатқан қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отқа дайындалады және оның құрамы өзгермей табиғи құндылығын сақтайды. Дәмі де өзгеше. Ең бастысы – сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие.

«Жаңа жобаның мақсаты – қымыз балмұздағының биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», – дейді ол.

Қымыздан балмұздақ, саумалдан сабын жасап шығарды

Сонымен қатар ұстаз емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<