Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

34

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдағы қыркүйек айында Қызылорда облысында ауа температурасының орташа айлық көрсеткіші +18,9+21,3 градус болады деп күтілуде. Тиісінше, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Сондай-ақ, өңірде қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері аз болып, жиі шаңды дауыл болады деп болжануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов хабарлады.

– Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +16+21 градустан +11+16 градусқа дейін болса, күндіз +35+40 градустан +30+35-қа дейін болады деп болжануда. Ал аймағымыздың солтүстігінде + 25 градусқа дейін төмендейді. Айдың екінші онкүндігінде түнде +4+9 градус, күндіз +20+25 градусқа дейін, облыстың солтүстік бөлігінде +16°С-қа дейін одан әрі төмендеуі күтіледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі болжанады. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде 0,+5°С дейін, облыстың солтүстігінде үсік 2°С, күндіз +16+21°С дейін төмендеуі күтіледі. Содан кейін ауа температурасының түнде +5+10°С дейін, күндіз +21+26°С дейін жоғарылауы болжануда. Сондай-ақ, жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде. Жаңбыр, найзағай екінші және үшінші онкүндіктердің басында күтіледі. Шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с әр онкүндіктің басында деп болжануда,- деді Мағжан Ғалымұлы.

Қызылорда облысының

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<