Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2022 жылғы 24 қарашада қысқы уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының облыстық кезеңі Қазалы ауданында өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында жергілікті уақытпен 9:00-де «Дабыл-1001» сигналы түсті. Оқу-жаттығуды бақылау үшін Әйтеке би кентінде орналасқан «ҚазАвтоЖол» мекемесінің ауласында Қазалы ауданы бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасақтары күш-құралдарының әзірлігін Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Айдарбекұлы қарады. Осы оқу-жаттығуға 176 жеке құрам 74 бірлік техника қатыстырылды. Сонымен қатар аталған саптық қарауға азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері қатысты.
Оқу-жаттығудың бірінші шартты жағдайына сәйкес облыстық автожолда автокөліктердің соқтығысуынан апат болып, өрт сөндіру, медициналық және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметтері жұмылдырылды.
Екінші шартты жағдайға сәйкес жолаушылар пойызының алдыңғы бөлігінен өрт шығып, ішінде 20 жолаушы қалып қойғаны анықталды.
Үшінші шартты жағдайға сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қардың көп түсу салдарынан автокөлік кептелісі болған. Қар құрсауында қалып қойған жолаушыларды эвакуациялау және ыстық тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
«Қыс-2022» РҚШОЖ басшылығының штабымен және телефон желілері жылжымалы басқару пунктінен Төтенше жағдайлар министрлігімен бейнеконференция байланысы ұйымдастырылды. Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығуға барлығы 1184 жеке құрам адамы және 351 бірлік техника қатыстырылды. Оқу-жаттығу аяқталған соң «Қыс-2022» РҚШОЖ басшылығының штабы қорытынды жиын өткізді.
Іс-шара кезінде Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Бекболат Әбдіқадыров және Қазалы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбек Қалиев БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті





