Қысқы маусымға дайындық жұмыстары күн тәртібінен түспейді

597

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрып, жиын өткізді. Мақсат – коммуналдық салалардың қысқы маусымға дайындық барысын қадағалау.

Жиында аудан басшысы ауа райының күрт өзгеріп, салқындауына байланысты қысқы маусымға дайындықты тоқтатпау қажет екенін айтты. Оның үстіне қыстың көзі қырауда ешбір қиындық туындамауы керектігін жеткізіп, сала басшыларына тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентіндегі «ҚазақАвтоЖол» ЖШС Қызылорда облыстық филиалы №49 жол пайдалану бөлімшесінің №2 жол пайдалану бекетіне барып, энертті заттардың жұмысымен танысты.

Қазір мұнда 2000 тонна құм және 75 тонна тұз қоры бар. Оған қоса қажетті техникалардың барлығы тексеруден өтіп, дайындығы тұрақты қадағаланып тұр.
Аудан басшысы бастаған штаб мүшелері бұдан кейін «Қазалы-Теміржолжылу» филиалына және «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесіне аялдады. Қос мекеменің жұмысынан хабар алып, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Қысқы маусымына дайындық жұмысын бақылау барысында Қазалы аудандық электр торабы мен Әйтеке би кентіндегі 250 орындық жаңа мектептің де жылу қазандығы тексерілді. Бүгінгі ауа райының салқындығына қарамастан аталған ғимараттардың жағдайы бірқалыпты. Дей тұрғанмен, барлығын назардан тыс қалдырмауды тапсырған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевқа ахуалды кез келген уақытта баяндап отыруын ескертті.

©️Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<