Қыстың күші – қаңтар мен ақпанда

535

0

Қашаннан қыстың күші – қаңтар мен ақпанда. Бұл екі айдың алды – ақшұнақ аяз, соңы – ақбаспай боран. Алайда табиғаттың мінезін адам біліп болмайды. Олай болмайтын да жылдар бар. Мысалы, кейінгі он бес жыл ішінде елімізде есте қаларлықтай қатты қыс болған жоқ еді.

Нағыз қыс республиканың солтүстік, шығыс өңірлерінде. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында қалың жауған қардың астында қалған 7 ауылда төтенше жағдай жарияланды. Тоқтаусыз соққан қарлы боран өңірдегі жолдың көбін көміп тастаған. Ең шеттегі Шанағаты ауылы жарықсыз қалған. Қарға мелдектеп қалған үйір жылқыны ауылға айдап әкелу де шаруаларға оңайға соқпай жатқан көрінеді. Өйткені тоқтаусыз жауған қардың биіктігі 2 метрден асып кеткен. Арнайы техникалардың күші де жетпей жатыр.

Алматыда қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы 19 сантиметрге жеткен. Қазір қаланы басқан қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Оған 400-ден астам арнайы техника мен мыңнан астам жұмысшы тартылуда. Ал Жамбыл облысында жауған қардың қалыңдығы 24 сантиметр болған.

ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақыруда. Ауа райының бұзылуы, жолдың нашар көрінуі, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қыстың басынан бері, оның ішінде қаңтарда бірнеше рет жол жабылған.

Алматыда қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні тоқтаусыз жауған қардың қалыңдығы 19 сантиметрге жеткен. Қазір қаланы басқан қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Оған 400-ден астам арнайы техника мен мыңнан астам жұмысшы тартылуда. Ал Жамбыл облысында жауған қардың қалыңдығы 24 сантиметр болған.

ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақыруда. Ауа райының бұзылуы, жолдың нашар көрінуі, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, қыстың басынан бері, оның ішінде қаңтарда бірнеше рет жол жабылған.

Жалпы табиғаттың тосын сыйын ешкім болжап біле алмайды. Еліміздің өзге өңірлеріндегідей қатты қыс 1963 жылы болған көрінеді. Бұл Қоян жылы еді. Сондықтан да  «Қоянның қысы» деген атпен жұртшылықтың есінде қалған.

– Шынында да, бұл қыс соңғы жұт болған жыл еді, – деп еске алыпты Ж.Төребеков Арал аудандық «Толқын» басылымында. «Жаз шыққанда Көкқабақ, Жаршағылдың үштен екісі малынан айырылғанын білдік. Кейбір отарларда бірде-бір мал қалмады. Сол жылы «Қарақұм» кеңшары ғана көп шығынға ұшырамады. Бұл кеңшар директоры Байжан Бижановтың алысты болжай білетін зор ұйымдастырушылық қабілетінің арқасы еді» деп жазады автор. «Балалардың ішіндегі естияры мен. Барлығымыз Аманшаның бортты көлігіне жайғастық. Асты-үстіміз киіз-көрпе. Біз жолға шыққанда солтүстік жақты қою қара бұлт қаптап, аздап қар ұшқындап тұрған. Шамалыдан соң қатты жел тұрып, қар борай бастады. Күндіздің өзі түн болып, машиналар фарын жағуға мәжбүр болды. Қар бірден жерді теп-тегіс қылып көміп тастады. Жолдың ұлтаны қайда екенін ажырату қиын. Амировтен басқамыз қолымызға күрек  алып, машиналардың жолын аршудамыз. Осылайша боранмен бір күн, бір түн арпалысып, келесі күннің кешінде бір құлап қалған жертөле бастырмаға кезіктік. Барлығымыз да қатты шаршағанбыз. Ақылдаса келе, осы бастырмаға түнеп, демалуды ұйғардық. Басқадай амал да жоқ еді, не артқа, не алға жүру мүмкін емес. Айнала ақ түтек боран, ештеңе көрінбейді. Біз жолға шыққаннан бері қар тынымсыз борап тұр».

Бұл жазбадан расымен сол уақыттағы қыстың қандай қатты болғанын, ауыл адамдарына оңай соқпағанын көруге болады. Біз осы ретте қала тұрғыны, сексеннің төріне шыққан сауда саласының ардагері Амангелді Дәрменбаев ағамен тілдескен едік. Ол кісінің айтуынша, біздің өңірдің ауа  райы кейінгі кезде қатты өзгеріске ұшырап барады. Мұндай қарсыз, құрғақ қыс бұрын 1950-1955 жылдар аралығында болыпты.

– Сонау 1950 жылдардағы құрғақ, қарсыз қыс есімде қатты сақталып қалыпты. Жеміс ағаштарының барлығы қурап, қатты аяздан қара жер қақ бөлінді. Мен ол уақытта Абай ауылында тұратынмын. Желдің екпіні қазіргідей қатты болған жоқ. Десе де тымырсық аяз еді. Ауа температурасы 20 градустан төмен болғандықтан, дарияның бетіне қатқан мұздың қалыңдығы 1 метрден асатын. Ол мұзды текшелеп ойып алып, теміржол вокзалының артындағы мұзханаға жинайды. Бүгінгідей тоңазытқыштар толып тұрған жоқ. Сондықтан мұзды қоғамдық тамақтандыру мекемесіне апарып, азық-түлік сақтауға пайдаланатын еді. Ал 1963 жылғы қыста жауған қалың қардан кейін дәл ондай қысты кездестірмедім. Кейінгі кезде біздің өңірде қыс жауын-шашынсыз өтуде. Бұл егінге көп әсерін тигізеді. Әр мезгіл өзінің ретімен болғаны дұрыс, – дейді Амангелді ақсақал.

Иә, биыл елімізде қазақ «қоянның қысы» деп атайтындай-ақ болып тұр. Қазақша жыл қайыруымызда әлі қоян күнтізбеден шыға қойған жоқ. Нағыз үскірік қатты аяз әлі алда. Қыстың бұл кезеңін христиандардың діни мерекесімен байланыстырып «Крещенские морозы» деп атайтындар аз емес. Дегенмен қазақта мұндай аяздың өз атауы бар. Профессор Серік Негимовтың айтуынша, әлі күнге дейін кейбір құбылыстарды орысшадан сіңген қалыпта атап келеміз.

– Қазақ бұрыннан табиғатпен етене болған соң құбылыстарды да терең біліп, зерттеп отырған. Мәселен, бізде ең қатты аязды үш түрге бөлген. Ол – сарышұнақ аяз, ақшұнақ аяз және қызылшұнақ аяз. Міне, осы жайында мен 1997 жылдан бері Ақмолада үлкен ақсақалдардан ылғи сұрайтынмын. Бәрі ұмытыңқырап қалған ба, естен шығарып алған ба, үш аяздың ішіндегі ең күштісі, мықтысы қайсысы дегенде бәрі де шамалас дейді. Сондықтан бүгінгі аязға үшеуі де келетін сияқты, – дейді профессор республикалық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Биылғы «Крещенские морозы» қаңтар айының 18-нен басталды. Бұл күні христиандардың сенімі бойынша Құдайдың құдіретімен табиғат-ананың барлық  суы иондалып жаңартылады. Оның денсаулыққа пайдасы зор деп түсінеді. Қалай десек те аязды күндер алда. «Қыстың бір күні қалса қорық» деп бекерге айтылмаса керек. Сондықтан да әлі бір жарым ай қылышын сүйреткен қыстың қатты мінезіне шыдауға тура келетін секілді…

Айсәуле ҚАРАПАЕВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<