Қытайда қазақы киім үлгісін жасайтын сәнгер «Жыл адамы» үміткері болды

759

0

Фото: ашық дереккөз

Бейжіңде Мәдениет және туризм министрлігі Материалдық емес мәдени мұра департаментінің жетекшілігімен Guangming Daily ұйымдастырған «Қытайдың 2022 жылғы материалдық емес мәдени мұрасы саласындағы жыл тұлғаларын» іріктеу бойынша 100 үміткерден тұратын тізім жарияланды.

Бұл 100 үміткер қорытынды бағалауға қатысады, ең соңында 10 үміткер «Қытайдың 2022 жылғы материалдық емес мәдени мұрасы саласындағы «Жыл адамы» атанды.

Қытайлық басылымның келтірген дерегіне сүйенсек, 100 үміткердің санатына Шыңжаңнан 5 үміткер таңдалды. Олардың арасында тәжік халық әндері бойынша өкілі Райымбай Мүбаракша, «Манастың» автономиялық өлке деңгейіндегі мұрагері Жаннұр Тұрғанбай, Қазақы киімнің ұлттық деңгейдегі мұрагері Жеңісгүл Нұрданақын қатарлылар бар.

«Жеңісгүл Нұрданақын – Ұлттық деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра Қазақы киімдерінің мұрагері. Ол Іледе тұрады, оның отбасы үш ұрпақ бойы тігіншілікпен айналысып келеді. Ол бала кезінен бастап анасынан киім тігуді үйренген, есейе келе өзін Қазақ халық мәдениетін бейнелейтін киімдер мен киіз үйлерді зерттеуге, өндіруге және дамытуға арнады. Бұл кәсіппен айналысқанына 20 жылдан асты», деп жазды қытайлық БАҚ.

«People.cn»-ның дерегінше, қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін зерттеу үшін Жеңісгүл ауылдық жерлерді және жайлауларды аралап, қазақ ақсақалдарының үйлеріне барып, қазақ костюмінің мәдениетіне байланысты заттар мен кітаптар жинаған. Әртүрлі жерлерде, әртүрлі руларда киімдердің тоқу әдістері ұқсамайды. Жеңісгүл үлкендерден кеңес сұрап, кейде үлгілерді суретке түсіріп, көп ізденген.

photo

Ол Іле аймағы, Құлжа қаласында Тасбұлақ ұлттық киім компаниясын құрып, дәстүрлі қазақ киімін дамыту жолын кеңейтіп қана қоймай, сондай-ақ егіншілер мен малшыларды жұмыспен қамтып, табыс мәселесін де шешкен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<