Қытайда QazTrade сауда өкілдігі жұмысын бастайды

385

0

Фото: Kazinform

Қазақстандық тараптың Қытайға жұмыс сапары барысында сауда өкілдігін ашу үшін Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамушы тобы арасында стратегиялық келісімге қол қойылған.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, QazTrade отандық өнімдердің консолидаторы ретінде қытайлық ірі компаниялардың жолсерігі атанбақ.

«Қазақстан мен провинция арасындағы сауданы ұлғайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында Qaztrade компаниясы мен Сычуань провинциясындағы қытайлық серіктестермен бірлесіп, QazTrade сауда өкілдігінің жұмысын бастау жөніндегі Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамушы тобы арасында стратегиялық келісімге қол қойылды», – деді министр.

Айта кетейік, былтыр Шэньси провинциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас консулдығын ашқан болатын. Оның алаңында қазақстандық өнімдер шоу-румы жұмыс істейді. 

«Сиянь құрғақ портының аумағында Қазақстан Темір жолы компаниясының терминалының құрылысы басталды. Сондай ақ Хубэй провинциясының компанияларымен сауда және академиялық ынтымақтастық орнатылып жатыр», – деді А.Шаққалиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<