Қыз бала – ұлтымның ұяты, елімнің ертеңі

905

0

Қыз ұлтымыздың ары, намысымыздың жалауы. Қасиетті қазақ даласында қыз бала тәрбиесіне аса мән берген. Оның салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұстануында аса сақ қарап, ұлт құндылықтарын бойына сіңіруде ата-анасынан бөлек өскен елі жол көрсетіп, бағыт бағдар беріп отырған. Бұл сол арқылы ұлтты тәрбиелеп отырған.

Осы орайда қыз бала тәрбиесін жетілдіру, жасөспірім қыздардың қателікке бой алдырмауын, өзін сыйлату, айналасын сыйлау құрметіне бағыттау мақсатында «Болашақ» университеті жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Қыз бала – ұлтымның ұяты, елімнің ертеңі» тақырыбында қыздар форумы болып өтті.

Танымдық маңызы зор шараға қайраткер аналар мен қыз-келіншектер және колледж студенттері қатысты.

Қыз бала – ұлтымның ұяты, елімнің ертеңі

Халқымыз қашаннан қыз бала тәрбиесіне жіті назар аударып, қызды қонақ деп құрметтеп, бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербейтін әйел затының басты құндылықтарын сіңірген. Оның қасиетті ана, қадірлі келін атанып, ұзатылып кеткенде төркініне сөз тимес үшін барынша ибалы, инабатты, ісмер, сыпайы, қылықты етіп өсірген.

«Болашақ» университеті колледжінің диеркторы Венера Аймырзақызы қазіргі таңдағы қыз бала тәрбиесінің өзектілігіне тоқталып, ұлтының намысы мен арныа баланған бұрымдылардың болашағы жолында өз ой пікірін жеткізді.

– Қыз бала тәрбиесі өте нәзік тақырып. «Қызға қырық үйден тыйым» деген даналық сөз бар. Ұлттың ұлылығы қыздың қылығымен өлшенеді. Сондықтан Сыр елінің жастарына айтар аналық ақылым, ұстаздық тәрбием ана көкейіндегі инабаттылықты сақтай біліңіздер, – дейді Қорқыт ата атындағы қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Айман Айтбаева.

Жиын қорытындысында студент жастар әсем әннен шашу шашып, би биледі.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<