Қызметтік әдепті сақтау – басты міндет

75

0

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік маңызы ерекше. Ол әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады. Сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Бұл ретте, Әдеп жөніндегі уәкіл 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес осы жылдың 11 айында мемлекеттік органдарда 29 түсіндірме жұмысын жүргізді. Оның ішінде, облыс әкімі аппаратында төрт рет, облыстық басқармаларда 16, қала, аудан әкімдіктерінде 5 және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиалында лекция оқылды.

Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілермен 3 рет кездесу ұйымдастырылып, онда 21 қызметшіге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары мен Әдеп кодексі нормалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, 15 жеке тұлғаға жеке қабылдау, 19 мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетіліп, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен 2 кездесу ұйымдастырылды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіп, нәтижесінде ахуалдың тұрақтылығы байқалды.

Тоқсан сайын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органнан құқықбұзушылықтар туралы деректер алынып, мониторинг жүргізіледі.

Қорытындылай келе қызметтік әдепті сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін ұмытпау керек.

М.ШӘКІРБАЕВ,

 Қызылорда облысы әкімі аппаратының

Әдеп жөніндегі уәкілі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<