Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қызылорда дауысы» байқауы өтті.
Идея авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Мәдина Сәдуақасова.
«Қызылорда дауысы» конкурсына 200-ден астам өнерпаз ниет білдіріп, арасынан 12 қатысушы іріктеп алынды. Олар ақтық сында 3 кезең бойынша сынға түсті.
Бірінші кезеңде әлемдік деңгейдегі хит әндер орындалса, екінші кезеңде жергілікті композиторлардың шығармалары шырқалды. Екі кезең бойынша үздік шыққан 6 талапкер гранд финалда өнер көрсетіп, өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қызылордалық Аягөз Аралбайқызы Бас жүлдені жеңіп алды. Жас әншіге 1 миллион теңге табысталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<