Қызылорда облысына Біріккен Араб Әмірліктері, Германия мемлекетінен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гуманитарлық көмек келді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері және Сovid-19 Қазақстан қоғамдық бақылау ұйымының еріктілерімен бірлесіп, келіп түскен дәрілік препараттар мен медициналық қорғану құралдарының облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізді.
Алдағы уақытта келген гуманитарлық көмектің облыстың емдеу мекемелеріне бекітілген бөлініске сәйкес таратылу барысына да департамент қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар бақылау жасайтын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<