Қызылорда – есірткісіз қала

472

0

Қызылорда есірткі полицейлері оқушылармен және студенттермен профилактикалық жұмыс шеңберінде жарияланған #бізесіртікігеқарсымыз #мыпротивнарктиков челленджінің жеңімпазын анықтады.

Челленджге 44 оқу орны қатысты, олардың барлығы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының әлеуметтік желілер аккаунттарына тіркелгендер.
Балалар есірткіні қолдану қаншалықты қауіпті екенін және салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы бейнероликтер дайындады. Есірткіге қарсы қатысушылар шешендік, спорттық, музыкалық, көркемдік қабілеттерін көрсетті. Челлендж эстафетасы облыстың оқу орындары арасында белсенді түрде өткізілді.

Қызылорда – есірткісіз қала

Үздік деп танылғандар: Қызылорда қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп пен N3 мектеп – лицейі, Арал ауданының NN220, 262 орта мектебі мен мектеп-гимназиясы, Шиелі ауданының NN48, 152 мектеп – лицейі мен орта мектебі, Жаңақорған ауданының NN168, 164 орта мектептері, Жаңақорған ауданының N164 орта мектебі, Жалағаш ауданының N31 мектеп – гимназиясы. Жеңімпаздар сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<