Қызылорда – кітап оқитын қала

1857

0

Ағымдағы жылдың 3 желтоқстан күні Қызылорда қаласының «Access» бағдарламасының оқушылары «Қызылорда – кітап оқитын қала» ұранымен волонтерлік іс-шара өткізді.

«Access» бағдарламасының оқушылары сол күнге дейін орталық алаңда орналасқан қобыз формасындағы кітап сөресі жайлы сыныптастары мен достарына хабарландыру жүргізді. Кітап сөресінің мақсаты – адамдарға үйінде бар кітабын бөлісуге мүмкіндік беру, сонымен қатар ұнаған кез келген кітапты алу. Осы айтулы күні Access оқушылары достарын да қайырымдылыққа қатысуға шақырды. Нәтижесінде 60-тан астам кітап,  кітап сөрелеріне қойылды. Шараға «Кітап құрттары» клубының мүшелері де келіп, кітапқұмар жастарға ағылшын тіліндегі кітаптарды сыйға тартып, қоғамға жасаған игі істері үшін алғыстарын білдірді. Қайырымдылыққа арнаған бұл күн оқушылар үшін ерекше болды. «Access» бағдарламасының оқушылары қаладағы қоғамдық кітап сөресіне әртүрлі қызықты кітаптарды жинап, қала тұрғындарына кітаптар сыйлап және өздері де кітапты сыйлыққа алды.

Волонтерлік іс-шара өткізген балалардың оқып жатқан бағдарламасының толық атауы «The English Access Microscholarship Program». Ол бағдарлама Қызылорда қаласында 2022 жылдың маусым айынан бастап жұмыс жасауда. Бағдарламада 24 оқушы және 3 ағылшын тілі мұғалімі жұмыс істейді, оның ішінде Зауреш Сейлова, Жанар Рахымжанова және «Fulbright» бағдарламасының стипендиаты Kelsey Dabrowski. English Access Microscholarship бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік департаменті жасаған халықаралық жоба. Қызылорда қаласы бойынша бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаменті және «Зерайна» қоғамдық фонд арқылы жүзегеа сырылады. Бағдарламаның негізгмақсаты – экономикалық жағынан қолайсыз топтағы жасөспірімдерге білім алуға, болашақта жұмысқа және жалпы өмірде жоғары мүмкіндіктер пен жетістіктерге қол жеткізуге көмектеседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<