Бүгін Жамбыл облысы, Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дәуешовтің төрағалығымен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2021/10/whatsapp-image-2021-10-29-at-16.18.32-1024x682.jpeg)
Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының таныстырылымы және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Республикалық семинар барысында саланы дамыту және өңірлердегі нәтижелі жұмыстар мен озық тәжірибелер туралы әдістемелік нұсқамалар беріліп, үздіктер марапатталды.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2021/10/whatsapp-image-2021-10-29-at-16.18.33-1024x682.jpeg)
Қызылорда облысының ономастика саласындағы жұмыстары үздіктер қатарынан табылып, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбековаға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Алғыс хаты табысталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<