Қызылорда облысы алдыңғы қатарда

663

0

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Инвестициялық штаб отырысы өтті. Онда жылдың қорытындысымен нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері және 2023 жылғы міндеттер талқыланды.

Аталмыш жиында инвестиция тарту бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында бірінші орында екені айтылды. 2022 жылы аймақтың негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторының жоспары 373,5 млрд. теңгені құраса, нақты облыс 409,5 млрд. теңге қаражат тартып, жоспарды 9,6% артығымен орындады. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 106,7 млрд.теңгеге (26,8%-ға) өсті.

Қызылорда облысы алдыңғы қатарда

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы биыл тартылған инвестиция көлемі 10%-дан кем емес өсім көрсетуі керектігін қаперге салып, Қызылорда қаласы мен аудандарға меже бекітуге және әрбір басқарма, аудан, қала әкімдіктерінен инвестициялық жоба бойынша жауаптыларды бекіту туралы ұсыныс әзірлеуді тапсырды.

Мұнан бөлек, жиында су тасқынының алдын алу шаралары да айтылды. Премьер-Министр өңірлерге бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді және қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<