Қызылорда облысының полиция департаментінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы Пд-да департамент бастығының орынбасары Амиржан Утегеновтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Күн тәртібінде жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған шаралар қаралды. Сонымен қатар 28 наурызда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш. Қожаевтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте берілген тапсырмалар жеке құрамға таныстырылды.
Жалпы, Қызылорда облысы полиция департаментінің кадр саясаты басқармасымен жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жұмыстар атқарылып келеді. Тәртіптік комиссияның 14 отырысы өткізіліп, оның шешімі бойынша 22 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды.
Жыл басынан “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 50-бабының талаптарын бұзғаны үшін екі қызметкер жауапкершілікке тартылды. Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында департаменттің өзіндік қауіпсіздік және кадр саясаты басқармаларымен бірлесіп, 19 рейдтік іс-шара жүргізілді. Айта кетерлігі, есепті мерзімде сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер тіркелген жоқ.
28 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Қожаевтың төрағалығымен жедел кеңес өткізіліп, онда ішкі істер бөліністерінде жеке құрам қызметкерлерімен орын алған заңсыз әрекеттеріне жол берген басшылық тарапынан қатаң тәртіптік шара қолданылып, мұндай фактілердің алдын алу және болдырмау бойынша өзіндік қауіпсіздік және кадр саясаты басқармаларына бірқатар тапсырмалар берілді. Атқарылған шаралар департамент басшылығымен сараланды.
Департамент бастығының орынбасары Амиржан Утегенов жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асыру мақсатында жеке құрам арасында заң бұзушылықтардың, жол-көлік оқиғаларын азайту және автокөліктік тәртіпті орнатуға, тәртіпті бұзуға бейім қызметкерлерді анықтауға бағытталған профилактикалық алдын алу іс-шараларын, ата-аналар институтын жандандырып, тұрақты негізде жүргізуді тапсырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<