Мемлекет басшысының жарлығымен Қызылорда облысында 2022 жылдың қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында Төтенше жағдай режимі жарияланып, коменданттық сағат пен бірқатар шектеулер енгізілді.
Облыста нарядтар күшейтіліп, қаруланған полиция қызметкерлері мен әскерлер тәулік бойы қызмет атқаратын 28 блок бекеттер қойылды. Төтенше жағдай кезінде полицияға 952 азамат жеткізілді. Төтенше жағдай режимін бұзған 414 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік қамаққа 253 құқық бұзушы алынып, олардың 73 босатылды. Қылмысқа күдіктелген 97 адам уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. 12 күдіктіге қатысты қамаққа алуға байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардан 1 данадан тегіс ұңғылы және травматикалық қару, 13 дана пышақ, 9 қалқан, 4 каска, 6 дулыға, 1 бронежилет және 1 кг. 150 грамм есірткі заттары алынды.
Медициналық мекемелерге 50 полиция қызметкері жүгініп, олардың 3-уі жатқызылды. «1414» жедел желісіне түске 80 мыңнан астам өтініш қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелер, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, екінші деңгейдегі банктер, ТЖ вокзалы және аэропорт штаттық режимде жұмыс жасауда. Зақымданған әкімшілік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Түнде төтенше жағдай режимі аяқталып, коменданттық сағаттың 23.00-ден 07.00-ге дейінгі және басқа да шектеулері алынды. Жалпы, қоғамдық-саяси ахуал бақылауда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<