Қызылорда облысына жаңа прокурор тағайындалды

604

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының келісімі бойынша бас прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген. 1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.

2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<