Қызылорда облысында екі адамды кене шағып, қайтыс болды

567

0

Қызылорда облысында екі адам конго-қырым геморрагиялық қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлайды 24.KZ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңақорған ауданының 77 жастағы тұрғыны мен Шиелі ауданының 51 жастағы тұрғыны ауру белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Науқастар жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жалпы, жыл басынан бері облыстың медициналық мекемелеріне кене шағуына байланысты 600-ден астам адам шағымданған. Олардың 23-і Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікпен ауруханаға жатқызылды. 8 жағдайда диагноз расталды. «Әр жағдайды тіркеу кезінде 12 сағат ішінде жеке аумақтарды, мал қораларын және жануарларды дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық байланыста болған адамдар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Жалпы, үш ай – мамыр, маусым және шілде – кенелердің қауіпті түрлерінің белсенді уақыты. Сондықтан облыс тұрғындарын абай болуға және кене тістеп алған жағдайда дереу дәрігерге хабарласуға шақырамыз», – деді Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<