Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды

673

0

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталып, Сырдария ауданының 48 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 23 маусым күні ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД және Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Шиелі ауданының Қарғалы ауданынан 70 шақырым жерде ірі есірткі алқабын  анықтады деп жазды Рolisia.kz.

Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 2377 түбі, жалпы салмағы 3 кг 310 гр кептірілген марихуана анықталды. 2377 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 288 кг 871 гр болып шықты.

Күдікті УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 300-бабының 2–бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<