Қызылордада «Құқықтық тәртіп» іс- шарасы өтуде

345

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес бүгіннен бастап облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталмыш шара қазан айының 16 мен 20 аралығында. Іс-шараға департаменттің жеке құрамы жұмылдырылып, қызмет өткерудің күшейтілген нысанына көшірілді.

Жалпы облыс көлемінде криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесуге бағытталған бұл жедел-профилактикалық іс-шараның өту барысы Департамент бастығының қатаң бақылауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<