Қызылорда облысында ауа райы күрт нашарлап кетті. Осыған байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының облыс аумағындағы бөлігінде көліктің барлық қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осыған байланысты „ҚазАвтоЖол“ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы 31 қаңтарда Астана уақытымен сағат 21:10–ден бастап республикалық маңызы бар автожолда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойды. Ол Ақтөбе және Түркістан облыстары шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<