Қызылорда облысында Сеултех университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуда

688

0

Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті (СеулТех) мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы ынтымақтастық аясында «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университеттік жоба» (LUPIC) жүзеге асырылуда.

Жоба бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жасанды интеллект мектебі құрылып, жасанды интеллект (AI), киберқауіпсіздік (CS) және информатика (CS) мамандары даярланады.

Еске салсақ, Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің (СеулТех) филиалына қатысты бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына орай қолға алынған.

Қызылорда облысында Сеултех университетінің жасанды интеллект мектебі ашылуда

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген СеулТех университетінің делегациясымен кездесіп, өзара әріптестік мәселелерін талқылады.

Профессор және директор Часу Ким мен оның орынбасары Сунггон Ким бастаған LUPIC жобасының өкілдері 9 шілдеге дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде зертханаларды орналастырудың кеңістіктік аспектілерін және бизнес-инкубация орталығын (BIC) құруға қатысты мәселелерді зерттеп, талқылайды.

Еске салсақ, мамыр айында Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің президенті Ли Донг Хун мырзамен кездесуде оқу орнының филиалын ашу туралы ұсынған болатын. Аймақ басшысы өңірде осы жобаны табысты іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетілетінін, білім алушыларға жыл сайын облыс әкімдігі, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттар беретінін айтты. Мұнан бөлек, Қызылорда облысының даму бағдарламасының бюджетіне кампус пен технопарк құрылысын енгізу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<