Қызылорда облысында жылу желілері тозып кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, былтыр Қызылорда облысында қыс тыныш өткенімен, біраз елге көмір жетпеген. Бір дауыл соққанда Әйтеке би кентіндегі жылу орталығының мұржасы құлап, 30 шақты елді мекен жарықсыз қалды.
Билік былтырғыдай қарбалас болмас үшін осы бастан қам жасап, жоспар түзгенін, сөйтіп, 8 бірдей жоба әзірленгенін айтады. Өңірдегі 208 шақырымдық жылу желісінің 47 пайызының тозығы жеткен. Өткен жылу беру маусымынан әрең шыққан құбырлар келер қыстағы қысымға шыдас бермеуі мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<