Қызылорда облысындағы «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарына компанияның басқарма төрағасы барды

337

0

Автор фото: Рамиль Валиев

ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Торғай палеозой учаскесі (100% ҚМГ-ге тиесілі) және «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚМГ үлесі бар бірлескен кәсіпорын) өндірістік объектілеріне барды.

Еске сала кетсек, «ҚазМұнайГаз» 29 мамырда Қызылорда облысындағы Торғай палеозой құрылымында тереңдігі 5500 м PZ-1 іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Аймақта осыған дейін бұл тереңдікте ұңғыма бұрғыланған емес.  Жоба ҚМГ-ның күшімен және компания қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Барлау ұңғымасын бұрғылау – Қызылорда облысының мұнай-газ саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам, өйткені соңғы жылдары мұнай қорының табиғи сарқылуына байланысты өңірдеөндіру деңгейінің төмендеуі байқалады.

«ҚазМұнайГаз» өз кезегінде ресурстық базаны толықтыруға және мұнай өндірудің тұрақты деңгейін ұстап тұруға ерекше назар аударады. Бұрғылау нәтижесі жақсы болған жағдайда Қызылорда облысының ресурстық әлеуеті артады деп күтілуде. Бұл көмірсутек өндіру деңгейін ұзартуға, сондай-ақ, өңірдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қолдауға мүмкіндік береді.

А. Хасенов жұмыс сапары барысында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің өндірістік мәселелері бойынша жиын өткізді. 2023 жылдың мамыр айында компания Оңтүстік Ақсай газ конденсатты кен орнында газ өндіруге кірісті. Жобаның іске қосылуы «Қазгермұнай» компаниясына Қызылорда облысы тұрғындарының қажеттілігі үшін жылына 100 млн текше метрге дейін газ жеткізуге мүмкіндік берді.

«Қазгермұнай» геологиялық барлауды жүзеге асыру үшін перспективалы учаскелерді сатып алу мәселесін де зерттеп жатыр. А. Хасенов компания басшылығына өнеркәсіптік қауіпсіздікке, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударуды, сондай-ақ 2024 жылғы жоспарда көрсетілген өндіріске қол жеткізу үшін тиісті шараларды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қызылорда облысындағы "ҚазМұнайГаз" еншілес кәсіпорындарына компанияның басқарма төрағасы барды
Қызылорда облысындағы "ҚазМұнайГаз" еншілес кәсіпорындарына компанияның басқарма төрағасы барды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<