Қызылорда облысының тұрғыны мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен

453

0

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен адам екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 ақпанда Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 2 тұрғыны автокөлікпен мал іздеуге шығып кеткен. Содан үйге қайта оралмаған.

«Оқиға Жосалы кентінен 80 шақырым жердегі «Қызғалдақ» учаскесінде болды. Іздеу барысында автокөлік бұзылып, оны жөндеу үшін көмек шақыру үшін екі азаматтың бірі автокөліктен шығып кеткен. Содан кейін қайта оралмаған. Оқиға бойынша арнайы іздестіру тобы құрылды. Нәтижесінде 10 ақпанда жоғалған азамат аман-есен табылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жолда қалып қойған 4 мың жолаушыға көмек көрсетілді.

Ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Қызылорда облысы аумағында тұрып қалған жолаушыларға көмек көрсетілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<