Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бойжеткенге іздеу салады

1231

0

26.09.2021 жылы түскі уақыт 12.00 шамасында 20 жастағы Болатбек Мәнсия Еділқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған.

Облыс тұрғыны, Қызылорда қаласында медициналық колледжінің 3 курс студенті. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы бойжеткенді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Оның фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.Бұл жұмыстар Полиция департаменті бастығының бақылауында. Ерекше белгілері: бойы 155 см, орта денелі шашы ұзын қара. Киген киімдері:қоңыр түсті ұзын етекті көйлек, қызғыш түсті хиджаб киген. Бойжеткен қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<