Қызылорда қаласында 78 жоба қолға алынбақ

422

0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласының даму жоспары қаралған кеңесте қала әкімі Серік Қожаниязов биыл салынатын нысандар туралы айтып, халыққа қажетті жаңа жобаларды ұсынды. Биыл Қызылорда қаласының бекітілген бюджетінде жалпы құны 23,6 млрд. теңгені құрайтын 78 жобаға қаржы бөлінді.

78 жобаның 52-сін толық аяқтауға15,1 млрд. теңге, 21 өтпелі жобаға 6 млрд. 757,6 млн. теңге қаралған. Сол жағалаудан облигация арқылы 7 қабатты 6 тұрғын үй және 200 пәтер сатып алуға қажетті қаражат бөлінуде.

Жол, көпір, Яссауи, Көшербаев көшелерін қайта жаңғырту, Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көше құрылысы, Тәуелсіздік даңғылынан «Қызылжарма» каналы арқылы автожол көпірін салу жоспарлануда.

Кеңесте биологиялық тазарту станциясына және «Бәйтерек» тұрғын ауданын газбен, сумен жабдықтауға қаржы сұралды.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен облыс орталығында жалпы құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба республикалық бюджетке ұсынылып, бүгінде оларды бастауға 647 млн. теңге бөлінді.

Жобаларды аяқтау үшін республикалық бюджетке 4,6 млрд. теңгеге өтінім ұсынылды. Облыстық бюджеттен қаржыландыруға 586,7 млн. теңге қаржы қажет. Оған Қызылорда қаласына қарасты елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым желілері жаңартылып, жол салынбақ.

Сонымен қатар, облыстық бюджетті нақтылау барысында бөлінген қаржыға бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<