(Жақсылық Рахматулла атындағы шығармашылық байқау)
Облыстық «Сыр бойы» газеті басылымының байырғы бас редакторы, жазушы-журналист, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Жақсылық Рахматулланың туғанына 80 жыл толуына орай жас қаламгерлер арасында «Қызылорда – құндылықтар қаласы» атты шығармашылық байқау жариялайды.
Жалпы ереже
Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
Байқаудың үйлестірушісі: «Сыр медиа» ЖШС және Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы.
Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.
Байқауға Қызылорда қаласының астана болғанына және ұлтымыздың қазақ атауы қайтарылғанына 100 жыл толуына орай (қаланың тарихы, кешегі және бүгінгі бет-бейнесі, рухани-мәдени дамуы, жастар саясаты, «қазақ» атауын қайтарудағы қайраткерлер еңбегі, т.б) түрлі жанрда жазылған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.
Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Байқауға бұрын баспа бетінде жарияланбаған, тек байқау кезеңінде өткен материалдар жіберіледі.
Байқауға 35 жасқа дейінгі талапкерлер қатысады.
Байқау материалдары тиісті БАҚ жетекшілерінің, оқу орындары басшыларының және тәуелсіз жас қаламгерлердің ұсынысы бойынша қабылданады.
Байқауға әрбір қатысушы баспа бойынша материалын 5 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың мазмұны, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі есепке алынады.
Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, мекен-жайына (байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, эл.пошта syrboyi@yandex.kz) мынадай құжаттарды қоса жібереді.
1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;
– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.
2) байқау материалының қағаз нұсқасы.
Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.
Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.
Байқау үш кезеңнен тұрады.
1) 2025 жылғы 5 маусым мен 15 қыркүйек аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;
2) 2025 жылғы 15-18 қыркүйек аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2025 жылғы 18 қыркүйекте байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
Байқау жеңімпаздары Жақсылық Рахматулла ұрпақтары атынан арнайы жүлдемен марапатталады.
Ұйымдастыру комиссиясы






