Қызылордада 12 спорт нысаны бой көтереді

720

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында алдағы уақытта спорт нысандарының саны артатынын айтты.

-Дені сау ұлт қалыптастырудың негізі – бұқаралық спортты дамыту.

Жыл соңына дейін бюджет есебінен тағы 12 жаңа спорт нысанын, соның ішінде байдарка мен каноэде есу базасын саламыз.

Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бойынша 5 жоба іске асырылуда, онда 720 адамды қамтитын 60 секция ашылады.

Спорттағы жоғарғы жетістіктер арқылы біздің спортшылар Токио олимпиадасына 2 лицензия алды, – деді облыс әкімі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<