Қызылордада 14 жастағы қыз бір күннен бері табылмай жатыр

2493

0

Фото: Қызылорда қалалық полиция басқармасы

Қызылорда қаласында жоғалып кеткен 14 жастағы қыз бала іздестіріліп жатыр.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см орта денелі, көзі қара түсті, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын 28 жастағы азаматтың табылмай жатқанын хабарлаған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<