Қызылордада 338 мыңнан астам баланың есепшотына қаржы аударылды

399

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылған болатын. Аталмыш бағдарламаға еліміз бойынша 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелсе, Қызылорда облысынан 338 320 баланың тізімі енгізілген. Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары 52 цент мөлшеріндегі қаржы аударылды. Белгіленген қаржы жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен ұлғайып отырмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Алмас Сәрсембаев хабарлады.

– «Ұлттық қор – балаларға» жобасының басты мақсаты – өскелең ұрпақты қаржылай қолдау және оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алуына мүмкіндік беру болып табылады. Өздеріңізге белгілі, 1 ақпанда 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы есепшотына Ұлттық қордан алғашқы қаржы аударылды. Бұл қаржы балалардың 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкелетінін атап өткіміз келеді. Ал осы жылы 18 жасқа толатын 304 815 баланың қаржысы БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Олар өздерінің жинақтарын кәмелет жасқа толғаннан кейін тұрғын үйге немесе білім алуға жарата алады. Қызылорда облысы бойынша 338 320 балаға Ұлттық қордан белгіленген қаржы аударылды, ал оның ішінде биыл 18 жасқа толатын азаматтар саны – 14 182. Биыл туылған балалардың шотына автоматты түрде Ұлттық қордан қаржы аударылатын болады, – деді Алмас Әбдіқалиұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<