ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған қашықтықтан құрбан шалу рәсімі Сыр өңірінде жоғары деңгейде өтті.
Үш күн бойы атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыс бойынша 4 түйе, 124 ірі қара, 714 қой, 95 тоқты құрбандыққа шалынып, 7261 отбасыға, «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына, Қарттар үйіне және «Зағиптар» қоғамының 111 мүшесіне жалпы алғанда 35 тонна 960 кг құрбан еті үлестірілді.
Бұдан бөлек, қасиетті мерекенің құрметіне орай әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 226 отбасыға азық-түлік қоржындары беріліп, 4 ауруханада ем алып жатқан 1650 адамға құрбан етінен дайындалған ыстық тамақ апарылды.
Құрбандыққа шалынған малдың бас мүшелері үйітіліп, ішек-қарындары тазаланып, құрбан етімен бірге таратылса, терілері санитарлық талаптар сақтала отырып арнайы орындарға көмілді.
«QURBAN 2020» жобасы аясында қашықтықтан құрбан шалу рәсімінің барлық талаптарға сай атқарылуына қала және аудан мешіттерінің имамдары, 500-ден астам ерікті жамағат үлес қосып, 200-ге жуық автокөлік жұмылдырылды.
Алла разылығы үшін құрбан шалған азаматтардың құлшылықтары қабыл болсын! Игі шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз! Жаратушы Иеміз баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мол сауаптардан жазғай!
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<