Қызылордада 380 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс жасайды

336

0

Президент Жарлығына сәйкес, елімізде 6 қазан күні Республикалық референдум өткізіледі.

Азаматтар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауалы бар бюллетень алып, дауыс береді.
ҚР Орталық референдум комиссиясы «Республикалық референдумды өткізу және ұйымдастыру» мәселелеріне арналған Күнтізбелік жоспарды бекітті.

Қазіргі таңда референдумды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Референдум күні Қызылорда өңірінде 380 референдум учаскесі жұмыс жасайды. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда.

Облыс бойынша 2652 учаскелік референдум комиссиясының мүшесі қызмет атқарады.
Қазіргі таңда учаскелерді жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Дауыс беру кабиналары арнайы ширмамен жабдықталып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалады. Бұл ретте жергілікті әкімдіктермен бірлескен жұмыс бар.

Аймақта 497 950 дауыс беруші азамат тізімге енгізілген. Тұрғындардың тізімі 15 қыркүйекке дейін өзектендіріліп, тиісті учаскелерге ұсыналады. Әрі қарай учаскелер дауыс беруші азаматтар тізімімен жұмыс жүргізеді,-деді Қызылорда облысының аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

Комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру бағытында оқыту жұмыстары жүргізіледі. Көшпелі оқытуға қала және аудандағы аумақтық сайлау комиссиясының 56 мүшесі мен учаскелердегі 1692 комиссия мүшесі қамтылады. Қалған комиссия мүшелері каскад әдісімен оқытылады.

Бүгінгі күні Қызылорда облысында 24 қоғамдық бірлестік аккредиттациядан өткізілді. Олар Референдум процесі кезінде бақылау жұмыстарын жүргізе алады.

Жергілікті әкімдіктің қолдауымен дауыс беру науқанында азаматтардың дауыс беру учаскесін нақтылау үшін «Өзіңді дауыс беруші азаматттар тізімінен тексер» сервисі іске қосылды. Әрбір тұрғын үшін referendum.orda.gov.kz сайты қолжетімді.

Мұнда азаматтар ЖСН теру арқылы өз учаскесін анықтай алады. Сондай-ақ, 109 call-орталығы өз жұмысын бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<