Қызылордада 44 жастағы әйел егіз сәбиін сатқан

613

0

ФОТО

Қызылорда облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<