Қызылордада 80-ге жуық киікті аулағандар ұсталды

326

0

Фото: Полиция департаменті

Олар түн ішінде көліктеріне киіктердің етін тиеп алып, қалаға кіріп келе жатқан. Сол сәтте күдіктілерді полицейлер тоқтатыпты, деп хабарлайды «Азаттық-Ньюс» Ақпараттық агенттігі.

Алайда олар тәртіп сақшыларының бұйрығына бағынбай, жол талғамайтын көліктерімен қаша жөнелген. Полицейлер ережені елемегендерді дер кезінде ұстады. Тінту барысында екі көліктің бірінен 29, ал екіншісінен 47 киіктің еті табылған.

– Сонымен қатар, «Toyota Hilux» автокөлігінен 9 дана 12 калибрлі оқ дәрілерді анықтап, тәркіледі. Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі таңда тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<