Оқиға Жаңақорған ауданында болды. Аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны арызданған. Онда белгісіз біреу жатын бөлмедегі сөре ішінен алтын бұйымдарын, екі банк картасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Біршама уақыттан кейін оның телефонына өзінің банк есеп шотынан 53 мың теңге шешілгені туралы хабарлама келген.
«Аудан бұрғыны одан кейін полицияға жүгінген. Жалпы келтірілген залал 403 мың теңге. Тәртіп сақшылары күдікті әйелді ұстады. Ол осы ауылдың әлеуметтік қызметкері екені белгілі болды. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<