Қызылордада алимент төлеуден қасақана жалтарған азамат сотталды

758

0

Сурет: Today.kz

Қызылорда облысында кәмелетке толмаған балаларына 697 мың теңге алимент төлеуден жалтарған азаматқа бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Биыл облыста алимент төлеуге байланысты қарыз берешегі 379 млн теңгені құраған. Оның ішінде 907 өндіріс аяқталып, берешек 244 млн теңгеге төмендеді.
«Прокурорлар тарапынан жыл басынан 15 ұсыну енгізілді. Нәтижесінде 66 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 52,4 млн теңге өндірілді. Ал 2 борышкер ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен сотталды. Мәселен, кәмелетке толмаған балаларына 3 айдан астам 697 500 теңге алимент төлеуден жалтарған азамат соттың шешімін қасақана орындамаған. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен борышкер кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Ведомство мәліметінше, прокурорлық ден қою актісінің нәтижесімен борышкерлерден тұрғын үйі, автокөлігі алынып, өндіріп алушылардың меншігіне табысталды.
Прокурорлар ықпалымен облыс көлемінде алимент бойынша берешек біршама азайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын алимент төлемейтіндер қай өңірде көп екені белгілі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<