Қызылордада автомобиль көпірі салынуда

559

0

«Бәйтерек» тұрғын ауданын қаламен байланыстыратын Қызылжарма каналы арқылы өтетін жаңа автокөлік жолы көпірінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Бәйтерек» ықшам аудан тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, облыстық бюджеттен 366 млн.тг қаржы бөлініп, көпірдің құрылыс – монтаж жұмыстары жеңімпаз мердігер мекеме «СТАНДАРТ ОЙЛ» ЖШС-мен атқарылуда.

Айта кету керек, көпірдің құрылыс жұмыстарын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<