Қызылордада бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік марафоны өтті

463

0

Фото автордан

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің және №267 орта мектептің ұйымдастыруымен «Үздік идея, әдіс-тәсілдер, озат тәжірибе» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік марафоны өтті. Әдістемелік марафонның мазмұны бастауыш сыныптарда тиімді оқыту мен оқуды ұйымдастыру, сабақты жоспарлау мәселелеріне арналды.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің пән бойынша оқыту мен оқу үдерісіндегі озық инновациялық тәжірибесін таратуға, педагогтерді курстан кейін қолдауға бағытталған марафонның «Шығармашылық, шеберлік, нәтиже» атты тәжірибелік бөлімінде қазақ тілі пәнінен «Зат есімнің тәуелденуі», әдебиеттік оқу пәнінен «Тіршілік көзі» тақырыбында ашық сабақтар өтті.

Марафонның «Үздік идея: жаңалық, тәжірибе, ізденіс» атты екінші бөлімінде шығармашыл ұстаздар «Сабақты 4К моделінде ұйымдастыру» коучингі, «Тиімді әдіс тәсілдер – сапалы сабақ кепілі», «Кітап оқытуды дамыту: әдістер мен идеялар» тақырыбында шығармашылық жұмыстар көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік марафонның қорытындысы бойынша рефлексия жүргізіліп, ұсынымдар қабылданды. Ашық сабақ, шеберлік сынып көрсеткен ұстаздар институт директорының Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен облыс педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері жүргізіліп, педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу бағытындағы әдістемелік жұмыстар жыл бойы жалғасатын болады.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<