Қызылордада бюджет қаржысын қолды еткен бухгалтер сотталды

476

0

Сурет ашық дереккөз

Қызылорда қаласында бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету дерегі бойынша 12,6 млн теңгені қолды еткен бухгалтер сотталды.

Қызылорда облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді. Аталған шара барысында бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету дерегін анықтады.

«Қызылорда қаласындағы орта мектептің бірінің бухгалтері 12,6 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты иемденген. Оған қатысты облыс прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, іс сотқа жолданды. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 5 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы 543 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<