Қызылордада экспорт артып, импорт азайған

3136

0

2022 жылдың қаңтар-желтоқсанда Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 176750 мың АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ол
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,4 есе көп, оның ішінде экспорт 128339,9 мың АҚШ доллар (1,7 есе көп), импорт – 48410,2 мың АҚШ доллар (3,7%-ға азайды).
Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 97,4%, Қырғызстан Республикасына – 1,8%, Беларусь Республикасына – 0,8% келеді.
«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<